Екібастұзда жүкті келіншек көпқабатты үйден секіріп көз жұмды

суицид
Фото: Pexels

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - 30 жасар келіншектің артында ер баласы қалған. Жүктілігі бойынша арнайы есепке өткен жылдың қазан айында тұрған.

Оқиға Павлодар облысының Екібастұз қаласында, сейсенбі күні түнде болған.

Әйел өзі тұратын көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері 30 жасар келіншектің сол жерде жантәсілім еткенін анықтады.

Қайтыс болған азаматша жүктіліктің 22-аптасында болған.

— Жедел жәрдемді 23 қаңтар күні сағат 01:42-де шақырды. Көлік оқиға орнына 5 минутта жетті. Медицина қызметкерлері келіншектің оқиға орнында жан тапсырғанын тіркеді, -деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен.

Қайтыс болған келіншектің мүрдесі сот-медициналық сараптама жасау үшін Павлодар қаласына жеткізілді.

Полиция қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр.

Белгілі болғандай, әйел адам пәтерде анасымен және 10 жасар ұлымен бірге тұрған.

Соңғы жаңалықтар