Екібастұздан Майқайың кентіне ауызсу жеткізетін үлкен құбыр жарылды

су
Фото: Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ақау диаметрі 1020 мм-лік құбырдан шыққан. Қазір кентті ауызсумен жабдықтау төмен қысымда жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«21 ақпан күні Баянауыл ауданының Майқайың кентіне диаметрі 1020 мм суық сумен жабдықтау құбырында ақау анықталды. Ақаудың учаскесі „Екібастұз қалалық су арнасы“ МКК екінші көтергіш сорғысынан 27 км қашықтықта орналасқан. Оқиға орнына өңір басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының басшылары, сондай-ақ, облыстық ТЖД басшысы барып, жедел штаб ұйымдастырылды. Ақаудың себебін анықтау және жою жұмыстары „Екібастұз қалалық су арнасы“ МКК күштерімен жүргізіліп жатыр.  Жөндеу жұмыстарына 30 адам және 10 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД және „Майқайыңалтын“ АҚ мамандары жұмыс істеуде» деп мәлімдеді өңір әкімінің баспасөз қызметінен.

Екібастұз бен Майқайың кенті аралығындағы құбырдың ұзындығы — шамамен 28-30 км.

Майқайың кентінің ауызсу тұтынушылары судан ажыратылған жоқ. Сумен жабдықтау төмен қысымда жүргізіліп отыр. 

Соңғы жаңалықтар