ЕҚДБ Қазақстанның 2018 жылғы экономикалық өсіміне болжам жасады
«Халықаралық болжам барынша қолайлы болып тұр. Әлемде, Еуропа мен Қытайда өсім байқалады. Мұнай бағасы да барреліне 60 доллардан жоғары қалыптасады. Бұл халықаралық ортаның барынша қолайлы екендігін көрсетеді және бұл Қазақстан экономикасы өсімі қарқынының артуына әкеледі. Шынайы ішкі жалпы өнім өсімі 3,5-4 пайыз төңірегінде болады», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан экспортының артуы, инвестиция көлемінің еселене түсуі, тұтынушылардың шынайы кірістерінің көбеюі де орын алатын болады. Сонымен қатар фискальдық ұстанымдылық пен барынша жоғары импорт та экономика өсімінің негізгі факторына айналады.
«Белгілі бір деңгейдегі баяулаудан кейін экономика өсе бастаған кезде инфляция аздап төмендейді. Дегенмен, айта қоярлықтай қатты төмендеп кетпейтіндігі анық. Жалпы инфляция Ұлттық банк белгілеген шекте болады», - деді Ханс Хольцхаккер.