Екі американдық миллион доллар ұтысы бар билетті лақтырып тастаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Нью-Йорк штатының екі тұрғыны 1 миллион ұтысы бар лотерея билетін лақтырып жібергеннен кейін Нью-Джерси лотореясының ұйымдастырушыларын сотқа берді, деп хабарлады usa-trip.ru.

Екі американдық миллион доллар ұтысы бар билетті лақтырып тастаған

Саферннен Сальваторе Камбрия мен Эрике Оньянго талап-арызында лотерея сайты іркілуі салдарынан ұтқан билеттерін лақтырып тастаған.

Камбрия жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында кешке досына лотерея сайтындағы ұтқан нөмірлер туралы деректерді тексеруді сұрайды. Сандары сәйкес келмеген соң, билетті лақтырып тастаған.

Алайда келесі күні олар өздерінің ұтқанын түсінеді. Ал сайттағы ақпарат ескі болған. Әрі олардың билеттерін Онтариоға қоқыс алаңына алып кеткен болатын.

Шағымданушылар ұтыс шыққан билеттегі нөмірмен екі билеті болғанын айтқан. Осылайша, Камбрия мен Оньянго лотерея жеңімпаздары екендерін дәлелдемекші.