Екі аптада елімізде КВИ жұқтырғандар 1,5 есе артты - Алексей Цой
«Қазақстан Республикасында 30 наурыздағы жағдай бойынша 243 318 науқастан Covid-19 анықталды және 50 433 адамға КВИ- (минус) диагнозы қойылды. 218 031 адам КВИ+ және 47 837 азамат КВИ- (минустан) жазылып шықты. Соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, жалпы КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өсті», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, жалпы індет жұқтырудың 56 пайызы Алматы қаласы тұрғындарына тиесілі. Қалада ақпанда тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 500 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 350 жағдайға жетті.
«4 өңір қауіпті аймақта (қызыл аймақта) тұр: Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары. 3 өңір (Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары) сары аймақта. Қалған 10 өңір жасыл аймақта. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған «сары» және «қызыл аймаққа» ауысқан өңірлерде қосымша шектеу шаралары енгізілді», - деді А. Цой.