Екі аптада республика азаматтары ішкі істер органдарына 1 мың 554 атыс қаруын өткізді

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі азаматтардан заңсыз  сақталып  келген  қару-жарақтарды  сатып  алу  шарасын жалғастыруда.

Екі аптада республика азаматтары ішкі істер органдарына  1 мың 554 атыс қаруын өткізді

Екі аптада республика азаматтары 1 мың 126 өтініш түсіп, ерікті түрде 1 мың 554 атыс қаруы өткізген. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

 Оның айтуынша, сатып алынған қарулардың ішінде 1 автоматты, 239 ұзын ұңғылы, 3 қысқа ұңғылы, 1 мың 289 тегіс ұңғылы қару-жарақтар бар. Сондай-ақ ел азаматтары ерікті түрде 3 денеге зақым келтіретін тапанша, 4 жарылғыш құрылғы, 4,87 келі жарылғыш зат, 47 мыңға жуық патрондарды тапсырды.

 Аталмыш акция ақпанның 1-і мен наурыздың 31-не дейін жалғасады.