Екі аптада Сауд Арабиясынан 60 мың адам шеттетілді
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы билігі екі аптаның ішінде Корольдік аумағында заңсыз жүрген 60 мыңға жуық еңбек мигранттарын ел аумағынан шағарды. Бұл туралы мемлекеттік ІІМ басшысы Мухаммед бен Наиф хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда ел аумағында заңсыз жұмыс істеп жүргендерге қарсы шара бұдан ары қарай да жалғасатын көрінеді.
Бұдан бұрын Сауд Арабиясына табыс жасауға келген шетелдіктерге 3 қарашаға дейін құжаттарды рәсімдеуге немесе мемлекет аумағынан кетуге мүмкіндік берілген болатын.
ВВС-дің мәліметіне қарағанда, бұл шаралар шетелдік жұмыс күшіне деген тәуелділікті қысқартуға және жұмыс орындарын елдің жас азаматтарына ұсынуға негізделген бағдарлама аясында қабылданған.