Екі аптада «Жаужүрек мың бала» екі миллион доллар табыс әкелді

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Прокатқа шыққалы бері «Жаужүрек мың бала» фильмі 2 миллионға жуық (1 млн. 853 мың. доллар) АҚШ долларын жинап үлгерді, деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Өз кезегінде фильмнің қазақ тіліндегі прокаты 30 пайызға арттырылған. «Жаужүрек мың бала» сеанстары күніне 120-дан 150-ге дейін өскен. Кинозалдарда әлі де болса ине шаншар орын жоқ. Мамырдың соңында фильмнің өңірлердегі көрсетілімі басталмақ.  

Еске сала кетейік, «Жаужүрек мың бала» фильмі жалпықазақстандық прокатқа 3 мамыр күні шыққан болатын. Алғашқы демалыстардың өзінде ол шамамен 1 млн. доллар қаражат жинады. 17 мамыр күні 65-ші Канн фестивалі аясында отандық туындының халықаралық дистрибьютерлерге арналған нарықтық көрсетілімі өтеді деп жоспарлануда.

 

Соңғы жаңалықтар