Екі аптаның ішінде Жапониядағы Кюсю аралында 1000-нан астам жер сілкінісі орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 сәуірден кейін соңғы екі аптада оңтүстік-батыстағы жапониялық Кюсю аралында қуаттылығы 1 магнитудадан асатын, адамға сезілетін ең кемі 1 009 жер сілкінісі орын алды.

Екі аптаның ішінде Жапониядағы Кюсю аралында 1000-нан астам жер сілкінісі орын алды

Бұл туралы сейсмологиялық қызметтің функцияларын атқаратын ұлттық Метеорологиялық басқармасынан хабарлады.

Мамандардың сөзіне қарағанда, мұнда көтеріңкі сейсмикалық белсенділік сақталған. Дегенмен күн сайын жерасты дүмпулері азайып келеді. Осылайша, егер 15-17 сәуір аралығында күн сайын мұнда 100-ден астам жер сілкінісі болса, 26 сәуірде 30 жерасты дүмпуі тіркелді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 49 адам жер сілкінісінің құрбаны болды. 1 000-нан астам адам жарақаттанды, деп жазды tass.ru.