Екі арнаны қатар көрсететін ғажайып теледидар жасап шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Самсунг компаниясы әлемде тұңғыш рет экраны майысқан теледидар жасап шығарды. Көк жәшіктің ерекшілегі сол, екі түрлі телеарнаны қатар көрсетіп қана қоймай, қалта телефоны арқылы да басқарылады. Оны, тіпті, компьютердің де орнына пайдалануға болады. Әлі ешкімнің үйінде жоқ су жаңа теледидармен бірінші болып «КТК» арнасының тілшілері танысып қайтыпты.

Екі арнаны қатар көрсететін ғажайып теледидар жасап шығарылды

«Samsung Electronics Kazakhstan» компаниясының департамент бастығы Дияр Досқожаның айтуынша, UHD теледидарлары оңай интернетке шыға алады. Сол арқылы әлеуметтік желілерге кіріп, соңғы жаңалықтарды тексеріп тұруға болады. Компания теледидарды әдейі әлем чемпионаты алдында шығарып отыр. Өйткені, бұл көк жәшік жанкүйерлердің жанталасын Бразилияға барғызбай-ақ сездіреді екен. Оған қоса, ең тұңғыш сатып алушыларға компания таза былғарыдан тігілген доп пен Лондондық «Челси» клубының киімін де ұсынғалы отыр. «Бұл теледидар UHDтехнологиясымен жасалған. Яғни, ол осыған дейін мықты саналған Full HD форматынан 4 есе артық. Дыбысты да, бейнені де 4 есе күшейтіп көрсетеді», - дейді Samsung Electronics Kazakhstan» компаниясының президенті Сын Сик Чой. Майысқан экранның 8 түрін таңдауға болады. Олардың ең үлкені үйдің қабырғасындай.