Екі автокөлік соғысып, жол жиегінде тұрған әйел қайтыс болды

АЛМАТЫ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеше кешке Алматы қаласының «Шаңырақ» ықшам ауданында жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 31 жасар әйел қаза тапты,

Екі автокөлік соғысып, жол жиегінде тұрған әйел қайтыс болды

деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға Жанқожа батыр көшесі мен Балдырған көшесінің қиылысында орын алған. Көше бойымен келе жатқан «Мерседес» автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Мицубиси Паджеро» көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан «Мерседес» көлігі жол жиегінде тұрған 31 жасар әйел мен оның екі баласын соққан.

«Өкінішке орай, әйел оқиға орнында қаза тауып, екі баласы 1-ші балалар ауруханасына жеткізілді», дейді қалалық ІІД Жол полициясы басқармасы жеке батальонының командирі, полиция майоры Манап Саттаров. Оның айтуынша, «Мерседес» рөліндегі 24 жасар жігіттің жүргізуші кәлігі жоқ және көлікті досынан уақытша мінуге сұрап алған. Ол қамауға алынып, тексеру жүргізілуде.