Екі ай бұрын жоғалып кеткен павлодарлық жігіт өлі күйінде табылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық тергеушілер ҚР ҚК 105 бабы бойынша жас жігіттің өліміне қатысты істі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Екі ай бұрын жоғалып кеткен павлодарлық жігіт өлі күйінде табылды

Екі айдан бері із-түссіз жоғалғандар қатарында болған 21 жастағы қала тұрғыны Б.Н. денесі бүгін түнде табылды. Тергеу мүддесіне орай, ІІД оқиғаның анық-қанығын жарияламай отыр.

Ғаламторда жарияланған ақпаратқа, марқұмның туыстары мен таныстарының сөзіне сүйенсек, жас жігіттің денесі жеке аумақта, тұншықтырылған күйі табылған.

Жас жігіт 5 маусым күні жоғалып кеткен. Соңғы рет оны дүкенде көрген. Полициядан бөлек Б.Н. іздеуге еріктілер мен туыстары атсалысқан.