Екі ай сайлауға дайындық үшін жеткілікті мерзім - Р.Сәрпеков

АНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков Президенттік сайлауға дайындық үшін екі ай жеткілікті деген пікірде.

Екі ай сайлауға дайындық үшін жеткілікті мерзім - Р.Сәрпеков

Бұл туралы ол бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Екі ай Президенттік сайлауға түсуге ниет білдірген азаматтар үшін дайындалуға жеткілікті мерзім. Осы уақытта сайлауға қатысу үшін арнайы тізімге тіркеліп те, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп те үлгеруге болады. Одан әрі үдеріс сайлау заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асады», - деді халық қалаулысы.

Оның сөзіне қарағанда, қазір «екі ай сайлауға дайындық үшін мүлдем аз мерзім» деген сөздер негізсіз. «Қазір Парламентте талқыланып жатқан заң жобаларын еліміздегі көптеген партия өкілдері қолдап, енді олар өздерінің кандидаттарын ұсынуға дайындалып жатыр»,-деді депутат.