Екі аяғынан айырылған қыз: Аяғыма нық тұруға міндеттімін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Екі аяғынан айырылған алматылық келіншек Екатерина Парафиева жігерге толы жазба жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі аяғынан айырылған қыз: Аяғыма нық тұруға міндеттімін

Келіншек түсінде  тау үстінде келе жатқанын көрген екен.

«Бүгін өте керемет түс көрдім. Тауға шығып барады екенмін. Ақырын қадам басып келемін. Бәрінен озып келеді екенмін. Тауға шыққанда қандай керемет сезімде болғаным есіме түсіп кетті. Заңғар таулардың керемет көрінісін көрмей өмір сүру мүмкін емес сияқты... Сосын бұл жағдай сенің өміріңнің ажырамас бір бөлігі екенін түсінесің. Бүгін жақсы көңіл күймен ояндым. Өз ішімнен аяғыма нық тұруға міндетті екендігімді тағы да ұғындым», - деді ол.

Қазір Катя белгілі ерікті, жаттықтырушы Кира Ударцеваның көмегімен оңалту шараларынан өтіп жатыр. Арнайы жаттығулардың көмегімен ол протез киюге дайындалмақ.

Еске сала кетейік, жол апаты 16 маусымда Алматы қаласындағы  Әл-Фараби даңғылында болған. Honda CRV көлігін тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Содан жол шетіне тоқтап, сыртқа шығып, көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry көлігін автобус соққан. Соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы бөлігі ұшып келіп Honda CRV көлігін соғады. Салдарынан қыздар ортада қысылып қалып, біреуі екі аяғынан айырылған болатын. Ал екінші қыз №7 қалалық ауруханананың неврология бөліміне жатқызылды.