Екі аяғынан бірдей айырылған бүлдіршін қайта жер басып жүретін болды

None
None
АСТАНА. 2 шілде. Испанияда күрделі әрі керемет жасалған медициналық отаның нәтижесінде он жасар бүлдіршін қайта жер басып жүретін болды.

 «Вести.Ru» сайтының хабарлауынша, жергілікті хирург Педро Кавадас көлік апаты салдарынан екі аяғынан бірдей айрылған баланың дене мүшелерін қайта сәтті отырғызып шықты.

 Апаттың салдарынан бүлдіршін екі аяғынан да айырылған болатын. Әдетте мұндай сәттерде зақымданған мүшені кесіп алып тастайды дейді сала мамандары. Алайда, испандық дәрігер науқасқа ота жасауға бел буған. П.Кавадас өзінің бұл әрекетінің нәтижелі шығатынына сенімді болыпты. Өйткені ол өз тәжірибесінде дәл осыған ұқсас операцияны бұрын да жасаған.
Балаға өз аяқтарын қайта отырғызу отасы тура 6,5 сағатқа созылыпты. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, науқас бір аптадан кейін-ақ төсектен тұрып, жүріп кетеді. Алайда, кейбір буындарды қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан, оның бірі имплантантпен алмастырылған. Ал, баланың бір аяғы екіншісінен қысқа болып қалмау үшін сол имплантантты белгілі бір уақытта ауыстырып отыру қажет екен, деп жазады  BAQ.KZ порталы.

Соңғы жаңалықтар