Екі әйел ішімдіктен уланып көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Петропавловск-Камчаткада екі әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша, олар алкогольден уланды. Аталған факт бойынша РФ ТК аймақтық басқармасы процессуалдық тексеріс жүргізеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
36 және 45 жастағы әйелдердің мәйіттері Панфилов көшесі бойындағы үйлердің бірінен табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы болды.
«Пәтерден бөтелкелер табылды. Болжам бойынша, онда спирттік ішімдік болған. Тергеушілердің пікірінше, әйелдер ішімдіктен улануы мүмкін. Ол процессуалдық тексеріс кезінде анықталмақ», - деді тергеу басқармасының өкілі.