Екі әйел пойыз астында қалып, аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та екі әйел зуылдап келе жатқан пойыздың астында «тығылып», абырой болғанда аман қалды. Оқиға Блумингтон, Индиана қалаларының маңында орын алды.
Олар темір жол көпірі арқылы көлден өтіп бара жатып, зуылдап келе жатқан пойызды көреді. Әйелдерді көрген жүргізуші жылдамдықты бәсеңдетіп, бірнеше рет белгі берген. Алайда жылдамдықпен келе жатқан құрамды тоқтату мүмкін болмады. Сол кезде әйелдің бірі рельске жата қалды, екіншісі де соны қайталады. Айтарлықтай ауыр жарақат алмаған олар оқиға орнынан дереу бой тасалаған.