Екі азамат газдан уланып қайтыс болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының Құлсары қаласында 1996 жылы туған азамат пештің істен шығу салдарынан газдан уланып қайтыс болды. Төтенше жағдай сағат 07.35 шамасында жекеменшік секторда орналасқан жеке үйде орын алған. Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар қызметкерлері 18 жастағы азаматтың мәйітін тапқан.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі газ қондырғысының істен шығу салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Оқиға Шымкент қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі 2 үй, 21 пәтерде орын алды. Сағат 11.40 шамасында бес қабатты тұрғын үйдегі табиғи отынмен жұмыс істейтін газ қондырғысы істен шыққан. Нәтижесінде 1981 жылы туған азамат газдан уланып, жан тапсырған.