08:37, 30 Қараша 2009 | GMT +5
Екі бала Жайық өзеніне батып кетті - ТЖМ
АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні Орал қаласы маңында өзенге 8 және 5 жастағы балалар батып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Жазатайым оқиға, 12 сағат 32 минутта орын алды. Сегіз жасар баланың денесі Жайық өзенінен суда құтқару қызметінің күшімен 15.45-те шығарылды, екінші сәби іздестірілуде.