Екі баланы жарақаттаған аюды ауыл тұрғындары қатыгездікпен өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Приморье өлкесінде аңшылар екі балаға шабуыл жасаған аюды қатыгездікпен өлтірді.
Жабайы жыртқыш өз үйлерінің ауласында ойнап жүрген 8 және 12 жастағы мектеп оқушыларына шабуыл жасаған. Көптеген жарақаттар алған балалар ауруханаға жеткізілді. Ал аю болса орманға қашып кеткен. Бірақ аңшылар оның ізіне түсіп, атып өлтірді.
Жергілікті тұрғындар сарапшыларды күтпестен осылайша кек алды. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеуде, деп хабарлайды piter.tv.