Екі басты бала 19 күн ғана өмір сүрді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда 8 мамыр күні туған екі басты қыз он тоғыз күн өткен соң жан тапсырды. Сиднейде тұратын Рене мен Саймон Хоуи отбасылық жұбы бала өмірге келмей тұрып нәрестенің осындай күрделі аурумен туатынынан хабардар болған. Соған қарамастан, әйел түсік жасатпаған, деп хабарлады Metro.
Дәрігерлердің ескертуіне қарамастан, Рене мен Саймон Хоуилер өздерінің балаларының өмірге келуін қалайтынын мәлімдеген болатын.
Жаңа туған егіз нәрестеге ата-анасы Сенім және Үміт деген есімдер берген. Олардың басы екеу, алайда денесі біреу ғана болып жаратылған. Дәрігерлердің айтуынша, осындай күрделі ауытқушылықпен баланың 19 күн өмір сүруінің өзін рекордтық көрсеткіш деп атауға болады
Екі басты балалар дүниеге сирек келеді. Тарихта осыған ұқсас 35 жағдай тіркелген. Осындай ақаумен Үндістанда ақпан айында бір бала дүниеге келген.