Екі дипломы да жалған болып шыққан Якутияның ауылшаруашылық министрі қызметтен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияның ауылшаруашылық министрі жоғары білімі туралы екі дипломы да жалған болып шыққаны анықталған соң қызметтен босатылды, деп хабарлады республикалық прокуратураның сайты.

Екі дипломы да жалған болып шыққан Якутияның ауылшаруашылық министрі қызметтен босатылды

«Бұл дипломдар Александр Артемьевқа білім туралы заңнаманы бұза отырып берілгені, оның орнатылған талаптар мен нормативтерге сәйкес білім алмағаны анықталды», - делінген хабарламада.

Министрдің Якутия мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы экономика факультетінің «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімінің 4-ші курсына заңсыз есепке тұрғызылғаны атап өтіледі.

14 наурызда ел прокуратурасы мемлекет басшысы Егор Борисовқа мемлекеттік азаматтық қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бұзушылықтарды жою ұсынысын енгізген, өз кезегінде ол 19 наурызда Александр Артемьевті министр қызметінен босатты.