Екі ер адам бәстесіп, Мәскеудегі метрокөпірден секіріп кетті

АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Мас күйіндегі екі ер адам өзара бәстесіп, мәскеулік метроның "Воробьёвы Горы" стансысындағы метрокөпірден, біреуі аяғымен, біреуі басымен төмен қарай секіріп кеткен.
None
None

Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Олардың біреуі суға батып кетіп, оның денесін табу үшін аквалангистерді шақыруға тура келген.

Бәс тігуден аман қалған екінші азаматты құтқарушылар судан алып шығып, милицияға тапсырды.

Соңғы жаңалықтар