Екі қабатты үйден өрт шығып, анасы мен баласы күйіп қалды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда екі қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Салдарынан анасы мен баласын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі қабатты үйден өрт шығып, анасы мен баласы күйіп қалды

Облыстық ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай 9 қаңтар күні 17:04 шамасында орын алған.

«Үйдегі 50 литрлік газ баллонының ақауынан газ-ауа қоспасы жарылды. Артынша өрт болып, оны сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 17:20-да ауыздықталып, 17:35-те сөндірілді. 1993 жылы туған келіншек пен 2017 жылы туған бүлдіршін ауруханада ем қабылдап жатыр» делінген хабарламада.