Екі қабатты жатақханада өрт шығып, бір адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат - Кеше Астанадағы екі қабатты жатақханадан өрт шықты,

Екі қабатты жатақханада өрт шығып, бір адам ауруханаға жеткізілді

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт екінші қабаттан басталған. Алты бөлме мен шатыр астындағы ғимаратқа от зақымын тигізген.

Өрттің аумағы 20 шаршы метрді құрады. Оқиғаның салдарынан күйік шалған бір әйел зардап шегіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Өрт 12 сағат 53 минутта Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің көмегімен ауыздықталды. Бұл шараларға жеке құрамдағы 30 адам мен 6 дана техника жұмылдырылды.