Екі қандасымыз моңғолиялық Forbes-тың «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Моңғолиядағы қандасымыз Базар Әшімұлы мен Аягүл Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тың «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді. Бұл туралы ҚазАқпарат KazNews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі қандасымыз моңғолиялық Forbes-тың «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді

Моңғолиялық Forbes журналы «30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 моңғолиялық» рейтингін жариялады.

Тізімде әртүрлі саладағы мықты жас кәсіпкерлер бар. Биылғы тізімге екі қандасымыз кірген.

Оның бірі - «Хэруга партнерс» компаниясының негізін қалаушы, адвокат Базар Әшімұлы.

Жас бизнесмен 2014 жылы Моңғолия Ұлттық университетін бітірген. 2017 жылдан бері заңгерлік салада қызмет атқарып жүр.

Ал екіншісі - қандасымыз, «CallPro» компаниясының атқарушы директоры Аягүл Тілейханқызы.