Екі қауын 24,6 мың долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы Юбари қаласында өсірілген жоғары сұрыпты екі қауын бәссауда кезінде 24,6 мың долларға сатылды.
Бұл туралы жапондық БАҚ хабарлады.
«Менің ойымша, бұл қауындар Хоккайдо өнімдеріне адамдардың қызығушылығын арттырады»,-дейді бәссауданы жеңіп алған жергілікті фирманың басшысы Кэнитиро Намэрикава.
Белгілі болғандай, бұл қауынның түрі Жапонияда құнды сыйлық ретінде саналады.