Екі қазақ спортшысы NAGA Солтүстікамерикалық күрес қауымдастығы турнирінің жеңімпаздары атанды

АНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Қазақтың екі жасөспірім спортшысы Дамир және Димаш Сәрсекеевтер 2011 жылғы NAGA Солтүстікамерикалық күрес қауымдастығы әлемдік турнирінің жеңімпаздары атанды.

Екі қазақ спортшысы NAGA Солтүстікамерикалық күрес қауымдастығы турнирінің жеңімпаздары атанды

NAGA Солтүстікамерикалық күрес қауымдастығы әлем бойынша 100 мыңнан астам спортшы қатысатын аралас күрестен ең ірі Америкалық көшпелі турнирлар ұйымдастырады. Турнирдың шешуші сатысы 2010 жылдың 19-20 ақпан күндері Бока-Ратон қаласында (Флорида) өткен еді.

Қазақстаннан барған екі қатысушы Дамир және Димаш Сәрсекеевтер GI Novice балалар арасындағы жарыстарда бірінші және екінші орындарды жеңіп алды.