Екі қазақстандық боксшы Универсиаданың жартылай финалына шықты

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Екі қазақстандық боксшы- Ержан Жомарт және Рустам Рустамов Универсиаданың жартылай финалына шықты,
None
None

деп хабарлайды Vesti.kz.

49 келіге дейінгі салмақта Ержан Жомарт Қырғызстан боксшысы Мирлан Туркбауды басымдықпен жеңді, енді ол ресейлік Бэлик Галановты жарыс жолынан шығарған, Оңтүстік Корея спортшысы Ким Инкюмен кездесіп, финалға жолдама алу үшін бақ таластыратын болады. Осы салмақта ринг қожайындарының бірде-бір өкілі қалмағандығын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ Әзірбайжанның өкілі Давид Чалабиевті сүріндірген Рустам Рустамов та финалға шықты. Бүгін, 7 шілдеде рингке тағы да екі қазақстандық былғары қолғап шебері- Ғани Жайлауов пен Нұрдәулет Жарманов шығады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум