Екі қазақстандық спортшы еркін күрестен өткен «Mongolian Open-2015» халықаралық жарысында жеңіске жетті (ФОТО)

АСТАНА-ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар Эльмира Сыздықова мен Татьяна Аманжол-Бакатюк Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен беделді дәстүрлі халықаралық жарысында бірінші орындарға ие болды.
None
None

Жарыстарға ең мықты азиялық және еуропалық командалар қатысқан, олардың арасында Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері болды. 69 келі салмақ дәрежесінде белдескен Эльмира Сыздықова ақтық кезеңде Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, АҚШ спортшысы Рэнди Миллерді жеңгенін атап өту керек. Бұдан басқа, қола медальдарға да қол жеткізген спортшыларымыз да бар. Жүлдегерлердің арасында Кисель Ирина, Екатерина Ларионова, Аяулым Қасымова, Гүлмарал Еркебаева болды.

Жарыстың ұйымдастырушылары жақсы жүлде қорын қамтамасыз етті. Бірінші орын үшін 1 000 доллар, екінші орын алғаны үшін - 800, үшіншіге - 500 доллар берілді.

Соңғы жаңалықтар