Екі қазақстандық спортшы таэквондодан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Екі қазақстандық спортшы таэквондо WT спорт түрінен Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ливан астанасы Бейрут қаласында таеквондо WT спорт түрінен жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Маңғыстаулық таеквондошылар Алмира Қанат және Дария Манасқызы Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
«Қ.Бектілеу атындағы Маңғыстау облыстық таеквондо федерациясының ересектер арасындағы аға жаттықтырушысы Қуанғали Дастанұлының айтуынша Дария 68 келіде өнер көрсетіп, Индия және Ливан елінің спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай ақтық сайыста Қытай елінің спортшысына есе жіберді. Ал Алмира 59 келіде Вьетнам және Филиппин елінің спортшыларын айқын басымдық жеңіп, жартылай ақтық сайыста Иран спортшысына есе жіберді», - делінген Маңғыстау облыстық Спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінде.
2-4 қыркүйек аралығында өткен Азия чемпионатына 23 мемлекет қатысты.