Екі кениялық бақташы тележұлдыз-арыстандарды улап өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияда жергілікті билік масаи тайпасының екі бақташысы Симиндей Наурури мен Кулангаш Топозатты Би-би-сидің «Үлкен мысық күнделігі» фильміне түскен танымал арыстандарды улап өлтіргені үшін айыптады.

 Екі кениялық бақташы тележұлдыз-арыстандарды улап өлтірді

Масаилар сиыр етіне у салып арыстандарға берген. Артынша сегіз арыстанға ветеринарлық көмек көрсетілді. Алайда екі арыстанды аман алып қалу мүмкін болмады.

Олардың бірі табиғат зерттеушілердің сүйіктісі болған - 17 жастағы Биби. Бақташылар арыстан олардың үш сиырын жеп кеткеннен соң қорыққа келіп арыстандарға уланған сиыр етін берген деген болжам бар.