Екі компанияға қазақстандық тұтынушыларды кемсіткені үшін айыппұл салынды - ЕЭК

 АСТАНА. ҚазАқпарат  - Еуразиялық экономикалық комиссия өз тәжірибесінде алғаш рет ЕАЭО-да тұтынушы құқығын және еркін бәсекелестікті қорғайтын шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭС) бәсекелестік ережесін бұзу мәселесі  Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК)  алқа отырысында қаралды.  Онда 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 30 маусымына дейін «Новолипецк металлургия комбинаты» мен «ВИЗ-Сталь» кәсіпорны электртехникалық анизатроп сегментіндегі өздерінің үстемдікті жағдайларын бұра пайдаланып, Одақ  елдерінің сатып алушыларына бірдей емес шарт ұсынған.

Екі кәсіпорынға және олардың басшыларына айыппұл салынды.

Аталған кәсіпорындар олардың тұтынушылары - Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасына аталған өнімдерге баға бекітуде макроэкономикалық тәуекелге ұшырататын қосымша шартты пайдаланған. Бұл сату құнының көтерілуіне соқтырды.

Аталған кемсітушілік коэффициентінің мөлшері бекітілген базалық бағадан 23 пайызға көбеюге соқтыруы мүмкін. Мұндай шара Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының тұтынушыларын үстемдікті жағдайларын пайдалана отырып кемсітушілікке ұрындыру болып табылады және айыппұл түрінде жауапкершілікке тартқызады.

Айыппұл территориясына кәсіпорын тіркелген ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттің бюджетіне аударылады.

Шешім ресми жарияланған датадан бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум