Екі күн ішінде Астанада 1 мың 669 жолда жүру ережесін бұзу әрекеті анықталды - Астана қалалық ІІД

АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазанның 31-і мен қарашаның 1-і күндері Астана қалалық Жол полициясы басқармасының қызметкерлері жолдағы тәртіпті қатайту мақсатында қатарларын қосымша қызметкерлермен күшейтті.
None
None

 Нәтижесінде 2 күн ішінде олар 1 мың 669 жол ережесін бұзу әрекетін анықтады. Бұл туралы бүгін Ішкі істер департаментінде өткен брифингте Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның деректеріне қарағанда, жолда жүру ережесін бұзу әрекеттерінің 87-і - көлікті мас күйінде жүргізуге, 468-і - қауіпсіздік белбеуін тақпауға, 242-і жүргізушілердің көлікті жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлесуіне қатысты болған. Ал 249 факті бойынша жолда жүру ережесін жаяу жүргіншілер бұзған.

Соңғы жаңалықтар