Екі күнде 16 мың кәсіпкер жұмыстарын бастауға өтініш берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне қарағанда, екі күнде еліміздегі 16 мың кәсіпкер жұмысты бастауға өтініш берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күнде 16 мың кәсіпкер жұмыстарын бастауға өтініш берді

ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет.

16 500 кәсіпкер порталға өтінім беріп үлгерді, соның ішінде 9 444 кәсіпкер нысандарын іске қосуға рұқсат алды. Алғашқы өтінім порталдың жұмыс істеу уақытынан бір минут өтпестен Қарағандыдан түсті. Ресурспен Алматы облысы(2761 өтінім) және Алматы қаласының (2 401 өтінім) бизнес-қоғамдастығы анағұрлым белсенді қолдануда. Пайдаланушылардың белсенділігі сағат 13:00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта жоғары.

Айта кетсек, 13 тамызда Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.

Алайда, 17 тамыздан бастап бірқатар нысандардың жұмысына тыйым сақталды.