Екі қылмыскер полиция көлігінің есігін сындырып, қашып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі қылмыскердің қашып кеткендігі жайлы суыт хабар Есентуки полициясын аяғынан тік тұрғызды.
Ресей ІІМ өлкелік басқармасынан хабарлағандай, ұрлығы үшін ұсталған баукеспелер жұма күні тұтқындарды таситын арнайы автомобильден қашып кеткен.
«Олар уақытша ұстау оқшаулағышына апара жатқан жолда полиция көлігінің есігін сындырып, іздерін суытқан»,-деп мәлім етті аталған басқарманың баспасөз қызметінен. Түрмеден қашу оқиғасына байланысты Ресей ІІМ Ставрополь өлкесі бойынша Бас басқармасының бастығы қызметтік тексеруді шұғыл қолға алды.