Екі қырғызстандық президенттікке кандидатураларын кері қайтарып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның екі азаматы - зейнеткер (өзін-өзі ұсынушы) Әнуар Сартаев пен Түркі тілдес мемлекеттердің саясатын қолдау қорының басшысы Нүсрет Мамедов (өзін-өзі ұсынушы) өз кандидатураларын қайтарып алды, деп хабарлады kabar.kg.
None
None

Қырғыз Республикасы ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылғы 3 тамызда президент лауазымына кандидаттардың жалпы саны 56 адамды құрады. Сайлау 15 қазанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар