Екі қызды қаққан трамвай жүргізушісі екі айға қамалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыстық сот жабық түрде 7 қыркүйек күні екі қызды қағып кеткен 30 жастағы трамвай жүргізушісі адвокатының жеке шағымын қарады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 
None
None

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Әйгерім Сүлейменова агенттікке хабарлағандай, адвокат қамауға алуды үйқамақпен алмастыруды өтінген. - Бұлтартпау шарасы туралы сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, - деді Әйгерім Сүлейменова. - Яғни, трамвай жүргізушісі екі ай бойы уақытша ұстау оқшаулағышында болады.

 Еске сала кетейік, қайғылы жағдай салдарынан № 4 мектептің екі оқушысы трамвайдың астында қалды. 10 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапса, екінші қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Шынар Уалитова екі қыздан басқа,  ұл баланы тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда  ол баланың күтіміне байланысты демалыста және егде жастағы анасы бірге тұрады. "Павлодар мейірімділер клубының" еріктілері мен білім беру жүйесінің қызметкерлері зардап шеккен отбасына арнап қайырымдылық қаражат жинай бастаған. Бұл ақшаға оларға баспана сатып алынады. 

Соңғы жаңалықтар