Екі министр xалық алдында есеп береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутова орталық мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарын жариялады. Осы аптада екі министр xалық алдында есеп береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі министр xалық алдында есеп береді

"21 маусым күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесуі өтеді. Ал келесі күні, 22 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов xалық алдында есеп бермек", - деді О. Лоскутова бүгінгі брифингте.

Бұдан бөлек, Білім және ғылым министрлігі "Серпін" бағдарламасының алғашқы түлектеріне диплом табыстаса, денсаулық сақтау министрлігі кезекті конгресті өткізеді. Ал депутаттар қазақ-өзбек шекарасынан өткізу ережесіне түзетулер енгізбекші.