Екі мұнайшы торнадоның кіндігінде қалды
Уотфорд-Сити қалашығындағы өзінің үйінің алдына темекі шегуге шыққан Дэн Йоргасон өзіне қарай торнадо төніп келе жатқанын көрді. Ер адам мына қызықты көріністі тамашалау үшін досын шақырды. «Достым, мынаны көріп тұрсың ба? Бұл не деген ғажап көрініс!», - деп айқайлап, Йоргасон камерасын іске қосып, алай-дүлей дауылды бейнетаспаға түсіруге кірісті.
Бірнеше секундтьардан кейін мұнайшылар бұдан құтылу қажеттігін сезіне бастады. Олар қастарында тұрған фургонға тығылып, қашуға әзірленді. Дегенмен, мына қызықты көріністі қиып кете алмады. Құйынның жақындап қалғанына қарамастан, Йоргасон автомобильдің терезесін ашып, камераны дөптеді. Қуатты құйын оларға қарай бар күшпен лықсып келіп қалған еді.
Дегенмен, бақытына орай, ержүрек ерлер одан аман қалды. Американдық журналистердің жазуынша, олардың екеуі де зардап шеккен жоқ. Алайда, торнадодан Йоргасон мен оның досы сияқты барлығы бірдей аман қалған жоқ. Солтүстік Дактотаданы жайпап өткен торнадо салдарынан тоғыз адам жараланып, бірнеше үйлер елеулі бүлінді.