Екі мың жетім балаға бюрократиялық себептер баспана алуға кедергі келтіріп отыр

АСТАНА 21 ақпан. ҚазАқпарат - Негізінен бюрократиялық себептердің салдарынан 2 мың бала баспана кезегіне тіркелмеген.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан алқа мәжілісінде ҚР Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты бақылау бойынша департаментінің бастығы Қанат Сейдғапбаров мәлім етті.

«Бүгінде Парламентте жетім балалардың баспаналық құқын күшейтуге негізделген заң жобасы қарастырылуда. Бірақ, өкілетті тұлғалардың балаларға деген жауапкершілікті қарым-қатынасы болмаса, бұл заңның өзі де көмектесе алмайды»,-деп атап өтті ол.

Департамент бастығының сөзінше, қазіргі кезде баспана алу бойынша 2 мың бала негізінен бюрократиялық себептердің салдарынан кезекке тұрғызылмаған. Ал, бөлек жағдайларда жетім балалардың өздерінде болған баспаналар олардың иелігінде сақталмай жатады.

Соңғы жаңалықтар