Екі мыңға жуық тұрғын веложарысқа қатысты - Павлодар облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күні мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай ұйымдастырылған жаппай веложарыс Павлодар және Ақсу қалаларының тұрғындары қатысты.
None
None

 Мыңға жуық павлодарлық Кенжекөл ауылы маңындағы жолдан, 800 ақсулық Павлодар-Ақсу тас жолынан бастап спорттық шараға қосылды, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz .

Олар ұзындығы 30 шақырым жолды жүріп өтуі тиіс болды.

«Бұл бәсекеге қатысып отырған азаматтардың басым бөлігі - әуесқойлар», - дейді дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары Олег Кольев. - Әрбір қатысушының қолына «ЭКСПО-2017» логотипі бар жалауша табысталды. Бұл шарада сыйлықтар мен грамоталар берілмейді. Мұндағы басты мақсат - өз күшімізді тексеру, қашықтықты бағындыру. Ал, жартылай кәсіби мамандар үшін бұл кезекті жаттығу ретінде есептелді.

Айта кетерлігі, веложүгіріске қатысушылардың арасында өңір басшысы Болат Бақауов, қала әкімі Нұржан Әшімбетов, облыс әкімінің орынбасарлары Николай Дычко, Мейрам Бегентаев, Әлия Арынова және басқарма басшысы Марат Айдашев болды. Шараға қатысушыларға «ЭКСПО-2017» көрмесінің еріктілері қолдау көрсетті.



- Ауа райының қолайсыздығына қарамастан қашықтықты жүріп өттік, - деді облыс әкімі Болат Бақауов. - Мен велосипедке жиі мінемін. Жаз бойы жас велосипедшілермен серуендеп, велоспортқа арналған алаң дайындаймыз. Ендігі жастармен келісіп те қойдық. Күн жылығаннан кейін Качир ауданына барып, жүз шақырымды жүріп өтеміз. Мен спорттың барлық түріне қатысуға тырысамын.

 «Айтарлықтай қиын болмады. Себебі біз бұдан да ұзақ қашықтыққа шығамыз», - дейді №1 балалар-жасөспірімдер спорт клубының 10 жастағы тәрбиеленушісі Ярослав Гусев. - Велоспортпен айналысқаныма екі жыл болды. Бүгін бізбен бірге әкімнің жүріп өткеніне қуаныштымыз. 

Соңғы жаңалықтар