Екі облыста қар көшкіні түсуі ықтимал екендігі ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қар жамылғысының биік және жылымықтың болуы әсерінен Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында 22-24 ақпан аралығында қаркөшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды ТЖК.

Екі облыста қар көшкіні түсуі ықтимал екендігі ескертілді

Қар көшкініне ұрынып қалмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыз, деп ескертті құтқарушылар.