Екі облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай түседі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
4 сәуірде Шымкент қаласында түнде және кешке қарай найзағай жарқылдайды, түнде оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
4 сәуірде түнде Түркістан қаласында найзағай жарқылдайды, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
4 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
4 сәуірде Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.