Екі облыста тұман түсіп, үсік жүреді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
3 қыркүйек таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай қаласында 3 қыркүйек күндіз найзағай жарқылдайды.