Екі өңірде үшінші күн қатарынан жолдар жабық тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында еріген қар суының тасуы салдарынан үшінші күн қатарынан автожолдар жабық тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Екі өңірде үшінші күн қатарынан жолдар жабық тұр

Павлодар облысы:

31 наурыз күні сағат 08.00-ден бастап автожол үстімен тасқын сулардың өтуіне байланысты республикалық маңыздағы «Ленинск-Ақсу-Б.Ақжар-Курчатов» тасжолының 186-220 шақырым аралығы (Майский кентінен ШҚО Курчатов қаласына дейін) көліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Шығыс Қазақстан облысы:

31 наурыз сағат 18.00-ден бастап еріген қар суының тасуы салдарынан «Семей-Қайнар» тасжолының 8-166 шақырым аралығында барлық көліктің қозғалысы тоқтатылды.