Екі өңірдегі оқушылар бүгін қашықтан оқиды

АСТАНА. ҚазАқпарат – II аусымда оқитын 2 өңірдің оқушылары бүгін мектепке бармайды. Олар сабақты онлайн оқитын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі өңірдегі оқушылар бүгін қашықтан оқиды

Білім басқармалары таратқан хабарлама сәйкес, Абай облысы бойынша Семей, Бесқарағай аудандарында, Курчатов қаласында II аусымда 1-9 сынып оқушылары қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда оқушылар штаттық форматта оқиды.

Сондай-ақ көктайғақ, қатты желге байланысты Көкшетау қаласындағы 2 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды.