Екі спортшы бір-бірін нокаутқа түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жектен сынға түсіп жатқан екі спортшы бір уақытта бір-бірін нокаутқа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі спортшы бір-бірін нокаутқа түсірді

ММА шеберлері Аксель Каварес пен Алан Васкес Канзас Ситидегі Shamrock FC 285 турнирінде сынға түсіп жатқанда жанкүйерлер күтпеген жағдай орын алды. Екі спортшы да бір-біріне алма-кезек соққы жұмсауға ұмтылады. Осы сәтте, қос спортшының соққылары бірдей уақытта бір-бірінің бетіне тура тиіп, құлап түсті.

Бірақ, төрешілер алдымен есін жиып, тұрып кеткен Васкеске жеңісті сыйлады.