Екі танымал спортшы ел чемпионатына қатыспайды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Осы жұмада Өскеменде дзюдодан ел чемпионатының өтетінін хабарлағанбыз. Шығыс жерінде өтетін ішкі біріншілікке тәжірибелі спортшылар Ислам Бозбаев пен Елдос Сметовтің қатыспайтыны анықталды, деп хабарлады alasharena.kz
None
None

Исламның неліктен қатыспайтыны белгілі. Елімізге танымал спортшыны жақында Теміртауда белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Қуанышқа қарай, Исламның денсаулығы түзеліп келеді. Бапкерлері оның енді бір-екі айдан соң құлан-таза айығып, қатарға қосылатынын айтты.

Ал Елдос Сметов Алматыда өткен «Гран-При» турнирінде өкшесін жарақаттап алған болатын. Сол жарақаты әлі жазылмаған соң, бапкерлер қауымы талантты дзюдошыны ел чемпионатынан босатты.

Соңғы жаңалықтар