Екі үлкен жүк автомобилі соқтығысты, бірі - мұнай тасымалдаушы
АСТАНА.ҚазАқпарат - Самара маңындағы трассаның 967-968 шақырымында кеше аса ірі апат орын алды.Үлкен жүк тасымалдайтын екі Volvo автомобилі соқтығысқан.
Олардың бірі 10 текшеметр мұнай өнімдерін әкеле жатқан. Ал екіншісіне тақтайлар тиелген. Әзірге себебі белгісіз болып отырған жол-көлік оқиғасында мұнай тасымалдаушы көлік аударылған. Қазіргі уақытта күре жолға ақтарылған сұйық отын көлемі анықталуда. Трассаның осы бөлігі жабық, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.